Ойынға қатысу үшін Алматыдан Бішкекке билет алуыңыз керек. Билетті алған бойда автоматты түрде ойынға қатысушы болып саналасыз.
Билетті 15-28 қыркүйекте алуыңыз қажет. Мына бағытқа билет алғандар ойынға қатыса алады:
Алматы — Бішкек — Алматы,
Бішкек — Алматы — Бішкек ,
Алматы — Бішкек ,
Бішкек — Алматы.
Қорытындысы белгілі болатын күн: 29 қыркүйек
Алматы ⇄ Бішкек бағытына билет алғандарға
Qazaq Air-ден тегін билет
Авиакомпания Qazaq Air предлагает прямые рейсы из Алматы в Бишкек и обратно. Перелеты выполняются три раза в неделю — в понедельник, среду и пятницу.
Алматы — Бишкек от 23 574 ₸Алматы — Бишкек — Алматы от 60 930 ₸ Бішкек — Қырғызстанның мәдени әрі тарихи орталығы, Шу аңғарында орналасқан, жан-жағын Тянь-Шань тауы қоршап тұрған қала. Жұртқа көбіне оның табиғаты, мәдени көрікті жерлері, базарлары, парктері мен алаңдары танымал.
Бішкекте қайда баруға болады?
1. Ала Арча шатқалы
Бішкектен 40 шақырым жатқан табиғи парк. Онда альпинистерге арналған жол, тау мен көл бар.
2. Ала-Тоо алаңы
Бішкектің бас алаңы. Ала-Тоо қырғыз тілінен аударғанда Алатау дегенді білдіреді.
3. Э. Гареев атындағы ботаникалық саябақ
Орталық Азиядағы ең үлкен ботаникалық саябақ. Паркте 14 мың өсімдік түрі жиналған.
4. Орталық мешіт
Қырғызстан мен Орталық Азиядағы ең ірі мешіт. Қаланың басты діни жері деп айтсақ қателеспейміз.
5. Ыстықкөл көлі
Әлемнің ең ірі 30 көлдің бірі. Бішкектен Ыстықкөлге 5 сағатта жетуге болады.
6. «Оңтүстік қақпа» паркі
Бішкектің ең тыныш жерлердің бірі. Алаңсыз, шусыз қыдыруға болады.