iJan: рейске өзіңіз тілкеліп,
кезекте күтіп жүрмеңіз!
FlyArystan ұсынған ұшу кезінде өзін-өзі тіркеуге арналған
жаңа терминал
iJan дегеніміз не?
Бұл жолаушыларды рейске тіркеуге арналған өзін-өзі қызмет көрсету терминалы. Оның көмегімен рейске тіркелуге, жолжүкті өлшеуге, отырғызу талондарын басып шығаруға және қосымша қызметтерді сатып алуға болады.
iJan-ды қалай қолдануға болады?
  • 1
    Құжатыңыздың нөмерін еңгізіңіз
    Жеке басыңызды куәландыратын құжатыңызды терминалда сканерлеңіз немесе құжаттың нөмерін қолмен еңгізіңіз.
  • 2
    Отырғызу талоныңызды алыңыз
    Оны тек өзіңіз үшін немесе броныңызда бар жолаушылар үшін алуға болады.
  • 3
    Жүгіңізді тіркеңіз
    «Жүкті тіркеу» түймесі отырғызу талонын алғаннан кейін қолжетімді болады. Егер сіз жолжүкті сатып алған болсаңыз, жүк биркасын дереу басып шығаруға болады. Егер багаж сатып алынған салмақтан жоғары болса, онда айырмашылықты тікелей терминалда карта арқылы төлеуге болады.
  • 4
    Жолжүгіңізді өткізіңіз
    Оны арнайы тіркеу бағанаға тапсыруға болады, содан кейін тексеруден өту ғана қалады.
Бірнеше ережелер
  • iJan Қазақстанның барлық 13 әуежайында, соның ішінде Алматы мен Астанада пайда болады.
  • iJan арқылы тіркеу ұшаға алты сағат бұрын ашылып, кетуге 40 минут қалғанда жабылады.
  • Бастапқыда iJan арқылы тіркелу тек ішкі рейстерге ғана қолжетімді болады, кейін халықаралық рейстерге де iJan арқылы тіркелуге болады. Терминал орынды таңдау мүмкіндігі және басқа да ыңғайлы функциялар ұсынады.
  • 2023 жылдың қаңтарына дейін iJan қызметі тегін болады. 2023 жылдың қаңтарында әуежайда тіркелу ақылы болады. Әуежайда тіркеуді алдын ала сатып алғанда, тіркелу бағасы 500 теңге болады, әуежайда ұшар алдында тіркеу кезінде баға 1000 теңге болады. Онлайн тіркелу ұшу күнінен 30 күн бұрын қолжетімді болып, жоспарланған ұшу уақытынан 40 минут бұрын жабылады.
  • Балалар билетін тіркеу үшін (2 жастан бастап) ересек билетін тіркеумен бірдей баға төленеді.