Айырбастау және қайтару ережелері
Алдымен, сізге керек рейсті біздің сайттан таңдау қажет

Рейс таңдалғаннан кейін, билетіңізді қайтарып немесе айырбастаған жағдайда, қолданатын ережелермен таныса аласыз. Ол үшін "Правила тарифа и обмена" батырмасын басасыз.
Темір жолы билетін брондау және сатып алу туралы
Пойыз билетін брондау үшін, Chocotravel басты бетін ашыңыз. Сіз ЖД билеттер іздеу нысанын көресіз.

Бірінші торда шығатын қаланы белгілейсіз

Екінші торда келетін қаланы белгілейсіз

Үшінші торда келу/кету күндерін таңдайсыз

Найти билеты батырмасын табыңыз

Сайт билет іздеуді бастайды, нәтижесін күтіңіз.

Іздеу нәтижесі бетінде лайықты рейсті таңдаңыз. Іздеу нысанында сіз жол жүретін күндерін, бағытыңызды өзгерте аласыз. Билеттің бағасына бассаңыз, орын таңдау беті ашылады.

Вагон таңдағаннан кейін сізге керек орынды таңдайсыз. Сіз туралы мәліметтер толтыратын бет ашылады.

Өзіңіз туралы мәліметтерді төлқұжат бойынша енгізесіз:

• Тариф

• Тегі

• Аты

• Әкесінің аты

• Құжат түрін

• Құжат нөмірін

• Туған кезі

• ЖСН

• Ұялы телефон

• Электрондық пошта

Астында телефон нөмірімен электрондық поштаңызды енгізіңіз. Одан соң, сақтандыру немесе СМС хабарландыру қажет болса, таңдайсыз

Соңында сіз төленетін толық құнын көресіз. "Забронировать" басыңыз

"Забронировать" басқаннан кейін, төлем беті ашылады. Билетті Visa, Mastercard немесе Kaspi.kz интернет банкингі арқылы төлеуге болады.

Сатып алғаннан кейін, билетті бронда белгіленген поштада таба аласыз.

*Егер билетті приложение арқылы алсаңыз, "уведомления" бөлімінде таба аласыз.

Темір жолы билетін сатып алу үшін керек құжаттар
Темір жолы билетін сатып алу үшін керек құжаттар:

✔ ҚР паспорты

✔ Ресей паспорты

✔ Шетелдік ресей паспорты

✔ Өзбекістан паспорты

✔ Жеке күәлігі

✔ Әскери билет

✔ Басқа шетелдік құжаттар

✔ Азаматтығы жоқ жеке күәлігі

✔ Жеке күәлік жоғалу туралы анықтама

✔ Босату туралы анықтама

✔ Вид на жительство

Қазақстанның ішінде балаға арналған темір жолы билеті
ҚР ішіндегі балаларға арналған тарифтер

• Билетсіз тегін орын - 7 жасқа дейінгі балаларға, орынсыз.

• Ересек билетінен 50 жеңілдікпен - 7-ден 15 жасқа дейінгі балаларға. Балалар билетін алу қажет.

Егер сіз 6 жасқа дейінгі баланы бөлек орынға алғыңыз келсе, оған балаларға арналған билетті сатып алу қажет.


❗ Балалар билетін ересек билетінен бөлек алуға болмайды. Егер сіз ересек жолаушыға билет алып, баланың билетін алуды ұмытсаңыз, осы жағдайды түзейтін 2 тәсіл бар:

✔ Билетті қайтарып, артынша екі билетті бір заказбен жаңадан сатып алу керек. Билетті қайтарған жағдайда айыппұл ұсталады.

✔ Немесе баланың билетін КТЖ кассасынан сатып алуға болады

Балаларға арналған халықаралық бағытындағы тарифтер

• Билетсіз тегін орын - 5 жасқа дейінгі балаларға, орынсыз, бірақ міндетті түрде кассадан тегін билетті кағаз түрінде алу керек

• Ересек билетінен 50 пайызға дейін жеңілдікпен - 5-ден 10 жасқа дейінгі балаларға. Балалар билетін алу қажет.

Билетті жеке кабинетте ауыстыру
Алмастыру туралы сұрауды Chocotravel сайтында қалдыра аласыз:

1-қадам. Алдымен сіз Сhocotravel сайтында жеке кабинетіңізге кіруіңіз керек

* Телефон нөмірін және парольді енгізу қажет.

2-қадам. Қандай билетті аыстырғыңыз келетінің таңдаңыз.

3-қадам. Сіз қай бағыттағы билетіңізді, қай жолаушыға, қай тілде және қай күнге ауыстырғыңыз келетінің таңдаңыз.

Билетті жеке кабинетте қайтару
Билетіңізді өзіңіз қайтара аласыз:

1-қадам. Алдымен Chocotravel сайтында жеке кабинетіңізге кіруіңіз керек

* Телефон нөмірін және парольді енгізу қажет.

2-қадам. Сіз қандай билетті қайтарғыңыз келетінін таңдауыңыз керек.

3-қадам. Жолаушы мен тілді, қай бағыттағы билетті қайтарғыңыз келетінін таңдаңыз.

Қайтару үшін «Жіберу» батырмасын басыңыз.

❗ Қайтарылғаннан кейін сома 10 жұмыс күннін ішінде қайтарылады.

❗ Автоқайтарылым қай ауекомпанияларда қосылған?

✔ Air Astana
✔ Qazaq Air
✔ Turkish Airlines
✔ Asiana Airlines
✔ Belavia
✔ Lufthansa
✔ Pegasus Airlines
✔ Azerbaijan Airlines
✔ United Airlines
✔ British Airways
✔ Etihad Airways

Made on
Tilda